353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана полициясы тұрғындардың алаяқтарға алданып қалуы жиілеп кеткенін хабарлайды

  • 162
Астана полициясы тұрғындардың алаяқтарға алданып қалуы жиілеп кеткенін хабарлайды radio7.kz

Соңғы уақытта алаяқтардың ақша қаражатын жоғары пайызбен қайтаруды ұсыну фактілері жиілеп кетті.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Алаяқтар азаматтарды букмекерлік конторалар немесе биржаларда мөлшерлемелерді көтеру арқылы белгілі бір уақыттан кейін өсіммен пайда таба алатынына сендіріп, ақшаны «онлайн-әмиянға» аударуды ұсынады. Ал қажетті сомасын алғаннан кейін олар телефондарын сөндіріп тастап отырған.

20 тамызда қала тұрғыны Астана қаласының бизнес-орталықтарының бірінде белгісіз тұлға алдау арқылы 700 000 теңге сомасында ақшалай қаражатын иемденгені туралы полицияға арызданды (ақша қаражатын өсіммен айналдырып беремін деген сылтаумен). Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ алаяқтар азаматтарға ірі сомада несие алуға көмектесетіні туралы интернет-ресурстарда хабарландыру орналастырып, «онлайн-әмиянға» терминал арқылы телефонның абоненттік нөміріне кепіл ретінде ақша аударуды сұрайды.

21 тамызда 27 жастағы қала тұрғыны интернетте несие алуға көмек көрсету туралы жарнаманы оқып, абоненттің ұялы телефонына төлем терминалы арқылы ақша (15 000 теңге) аударғаны, алайда ақшалай қаражат аударылғаны расталғаннан кейін аталған телефондар сөндірулі тұрғаны жөнінде шағымданған.

Алдау жолымен жымқырудың кең тараған түрлерінің бірі – алдын ала ақша аудару.

Тағы бір мысал, алаяқтар Астана қаласы тұрғынының интернет-ресурс арқылы мобильді банкингтен алдау жолымен ақшалай қаражатын иемденіп алған. Жәбірленуші автобөлшектер сатып алу үшін шотқа алдын ала ақша аударған, алайда ақша да, тауар да жоқ.

Аталған барлық фактілер бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. «Алаяқтық» фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Қырағы болыңыздар және аса пайда түсетін ұсынымдарға мұқият болыңыздар, тіпті мән бермеңіздер, осылайша ақша өзіңізде қалады. Тауарға алдын ала төлем аудару ұсыныстарына жол бермеңіздер. Сатушы туралы ақпарат жинаңыз, оның жұмысы туралы пікірлермен танысыңыз. Курьердің қызметін пайдаланыңыз және тауардың ақшасын тауарды жеткізгенде ғана төлеңіз», - деп Астана қаласы ІІД тұрғындарды тағы да ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы