352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бірнеше көшенің бағыты өзгерді

  • 110

Бұдан былай көлік жүргізушілері Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай батыр және Гоголь, Мақатаев, Шәріпов, Жамбыл көшелерімен тек бір ғана бағытта қозғала алады.

Осыған дейін жол сақшылары тізгіншілерге ескерту жасаумен шектелген. Бірақ 5 тамыздан бастап жол ережесін бұзған азаматтарға айыппұл салынып жатыр. Осы күні 1130 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Осы тұста полицейлер енді Тимирязев көшесімен солға қарай бұрылуға болмайтынын айтады. Бұл аумаққа автобус жолақтары сызылып, басымдық қоғамдық көліктерге берілген. Жол жөндеу жұмыстары 27 тамызда аяқталады. Оған дейін арнайы жол белгілері орнатылмақ. Ал түнгі уақытта автобус жолақтарымен жеңіл көліктердің жүруіне рұқсат берілуі мүмкін. Қазір қалалық Ішкі істер департаменті қызметкерлері заң жобасына осындай өзгеріс енгізу туралы ұсыныстарын дайындап жатыр.

Жандос Мұратәлиев, қалалық ІІД ӘПБ бастығы:

- Қабылданған жобаға сәйкес, Тимирязев көшесі мен Жандосов көшесінде БРТ-ға арналған жолақтар салынып жатыр. Соның ең бірінші енгізетін учаскіні алатын болсақ, Байтұрсынов пен Байзақов көшелерінің арасында Тимириязев көшесінің бойымен жүреді. Осы аптаның аяғына дейін, бірінші учаскі бітіріліп, ішке енгіземіз. Келесі аптадан бастап жұмыс істейміз. Ал қалған учаскелерде осылай әр учаскені енгізіп, осы жылдың аяғына дейін толық аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы