352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда әскердегі қылмыс екі есеге азайды

  • 112
Қазақстанда әскердегі қылмыс екі есеге азайды

Еліміздің әскери саласында қылмыс саны соңғы он жылда екі есеге азайды.

Мәселен 2008 жылы 980 қылмыс тіркелсе, өткен жылы 486 болған. Бұл жөнінде Атыраудағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында өткен жиында еліміздің Бас әскери прокуроры Дастан Сартаев мәлім етті. Ал осы аймақтағы әскери бөлімдердегі қылмыс 44%-ға және түрлі деңгейдегі жарақат алу 61%-ға кеміген. Бұған «Әскерде қылмыс болмауы керек» атты арнайы жобаның септігі тиді, - дейді мамандар. Қазір бөлімдерде заң және құқықтық тәртіп мәселелері қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар пара алу кезінде ұсталғандар мен жұмыс кезінде ішімдік ішкен лауазымды тұлғалар ескертусіз қызметінен босатылады. Сондай-ақ алдағы уақытта әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі шешімін табады.  

Дастан Сартаев, ҚР Бас әскери прокуроры:

- Ол әскерлердің мәселесі. Сосын біздің шекарамызда кішкене кемшіліктер бар екен. Одан кейін әскерлерді пәтермен қамтамасыз ету жағы. Кредит жөнінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» шешіліп жатқан мәселе бар екен. Соларды талқылап, шешімін табамыз.

Хабар 24 телеарнасы