352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әкімі үздік мұғалімдер мен тәрбиешілерге пәтер кілттерін табыстады

  • 148
Астана әкімі үздік мұғалімдер мен тәрбиешілерге пәтер кілттерін табыстады astana.gov.kz

Бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде білім саласы өкілдеріне 10 пәтердің кілтін табыс етті.

Бұл туралы деп елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Осылайша, жаңа пәтердің кілтіне № 4 мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ляззат Атыбай, «Аққу» балалар бақшасының тәрбиешісі Жақсылық Шайхина, №1 ППТК дефектологы Ғайшагүл Жұрқабаева, №17 мектеп директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлхан Мазова, №16 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Евгения Климова, №85 «Мейіржан» балалар бақшасының меңгерушісі Альбина Нартаева, №30 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Бұлақбаева, №32 «Балдәурен» балалар бақшасының меңгерушісі Мейрамгүл Махамбетова, №40 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы білім басқармасының маманы Гүлім Жусіпова ие болды.

Дәстүрге сәйкес бұл күні қаланың №54 балалар бақшасы, №70 мектбі мен Политехникалық колледжі сияқты 3 үздік білім мекемесіне елорда әкімінің гранты табысталды.

Аталған мекемелердің өкілдері 10 млн теңгенің сертификаттарымен марапатталды.

Бұдан бөлек, үздік деп танылған елордалық мұғалімдер мен тәрбиешілерге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс етті.

Хабар 24 телеарнасы