356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да биыл 3500-ге жуық адамды кене шаққан

  • 162

Шығыс Қазақстан облысында кенеден келер қауіп жоғары болып тұр.

Өйткені тамыз-қыркүйек айларында осы қансорғыштар белсенділігінің екінші маусымы басталады екен. Жалпы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірде 3500-ге жуық адамды кене шақса, соның ішінде 18 адам кене энцефалитін жұқтырған. Белгілі болғаны, олардың барлығы дер кезінде дәрігер көмегіне жүгінбеген екен. Мамандар кесел тарататын жәндіктер көп кездесетін аймақтарды да атап көрсетті. Олардың арасында шалғайдағы Зайсан, Зырян, Қатон-Қарағай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласы бар. Сондықтан әлі де болсын, табиғат аясында демалуда аса сақ болған жөн.

Бақыт Мукиева, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Сақтық шараларын естен шығармаған жөн. Өйткені бұл жәндіктер тек кене энцефалитін ғана тасымалдамайды. Кене боррелиозы, кене рикециозы сияқты өзге де инфекциялық ауруларды таратуы мүмкін. Кене белсенділігінің екінші маусымы басталды деген сөз осыны білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы