352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында мұғалімдер мен дәрігерлерге үй тұрғызылып жатыр

  • 555

Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді мекенінде екі қызметтік тұрғын үй салынып жатыр.

24 пәтерлі үш қабатты нысанның жалпы аумағы 1449 шаршы метр. Оның 18-і екі бөлмелі, қалған 6-уы үш бөлмелі. Баспана негізінен ауданға қажетті дәрігер, мұғалім, кітапханашы сияқты әлеуметтік сала қызметкерлеріне беріледі. Тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 311 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінге дейін оның 100 млн игерілді екен. Қазір электр желілері тартылып, су, кәріз жүйесіне қосу жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Жаңа үй жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сонымен қатар қазір дәл осындай екі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Алдағы қараша айында қаржы бөлу үшін облыстық бюджетке ұсынылады. Отырар ауданы облыс орталығына жақындағандықтан болашақта құрылыс көлемі де арта түспек. 

Мұрат Есімбек, Отырар аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бұдан басқа тағы да Мыңшұқыр елді мекенінен де 12 пәтерлі екі қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 24 пәтердің 12-сі 1 бөлмелі, 12-сі 2 бөлмелі пәтер болып есептеледі. Ол да әлеуметтік сала қызметкерлеріне беріледі.

Хабар 24 телеарнасы