352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда науқастың жүрек қан тамырларына ерекше операция жасалды

  • 128
Ақтауда науқастың жүрек қан тамырларына ерекше операция жасалды

Ақтаулық кардио-хирургтар 56 жастағы науқастың жүрек қан тамырларына айрықша операция жасады.

Аорта тамырын қалпына келтіретін операциялық әдіс батыс аймақтарда алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Бұрындары күрделі емдік шараға елордалық дәрігерлер арнайы қатысса, 1 жылдан астам уақыт бойы тәжірибе жинақтаған жергілікті мамандар енді өздері жасай алады. Операция уақыты 6 сағатқа созылды. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Ол таяуда үйіне шығарылады. Айта кетейік, бұрын осы санаттағы сырқат жандар санавиациямен бірден Астанаға жіберетін еді.

Ернұр Ордабаев, облыстық кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Тұрғындарға кардиохирургиялық көмектің қолжетімді болуы күн тәртібіне қойылып келді. Ендігі кезекте осы олқылықтың орнын толтыратын уақыт жетті. Алдымызда күрделілігі әртүрлі көптеген операциялар тұр. Оларды бұрын елордалық әріптестерімізбен бірлесе өткізетінбіз. Қазіргі таңда өзіміз жасап, кәсіби шеберлігімізді шыңдап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы