352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да омарташылық дамып келеді

  • 135
ШҚО-да омарташылық дамып келеді

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы тұрғындарының омарташылықпен айналысуға деген ынтасы жыл өткен сайын жоғарылап келеді.

Соңғы 5 жылдың ішінде шаруашылықтар қатары 30-ға көбейіп, жалпы саны 130-дан асқан. Былтыр 230 тонна бал өнімі жиналса, биыл көрсеткішті 260 тоннаға жеткізу межеленіп отыр. Мемлекеттік қолдау да жыл сайын артып келеді. Сапалы өнімге көршілес Қытай елінің де сұранысы жоғары. Былтыр 50 тонна бал сыртқа шығарылса, биыл да экспортқа шығару жолдары қарастырылып жатыр.

Тәуіржан Шоманов, Үржар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

- 2016-17 жылдары бізде аудан бойынша асылды арамен айналысатын 5 шаруа қожалығы болса, бүгінгі күні 9-ға жеткіздік. Ол шаруа қожалықтарында 2700-ден астам асыл ара ұясы бар. Мемлекет тарапынан өте үлкен зор көмектер беріліп жатыр. / 2016 жылы 11 миллион 600 мың теңге берілсе, биыл 20 миллионның үстінде субсидия беріледі деп күтудеміз.

Хабар 24 телеарнасы