353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы балабақша терезелеріне «ақылды» перделер орнатылады

  • 129
Қостанай облысындағы балабақша терезелеріне «ақылды» перделер орнатылады

Қостанай облысында ЕХРО-2018 халықаралық көрмесіндегі 13 жоба жүзеге асырылуда.

Бұл мақсатқа қазынадан 1 млрд теңгедей қаржы қарастырылған. Тың технологиялар, әсіресе, ауылдық жерлерде кеңінен енгізіліп жатыр. Мәселен, Қарасу елді мекенінде күн сәулесінен қуат алынады.

Мына бір балабақшаның терезелеріне «ақылды» перделер орнатылады. Олар күн сәулесінен қуат алып, ғимараттың іші мен сыртын жарықтандыруға мүмкіндік береді.

Әділхан Ахмеров, Қарасу ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Бұл перделер күндіз күннен қуат жинап, түнде жарық береді. Біреуі шамамен 0,5 кВт-қа дейін энергия өндіреді.

Бұл Қарасу ауылындағы жалғыз жоба емес. Былтыр елді мекендегі екіқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар орталық қазандықтан ажыратылып, автономды пешке қосылды. Нәтижесінде көмір екі есеге үнемделді.

Азамат Жайлыбаев, жылумен қамту ұйымы директорының міндетін атқарушы:

- Қазір 2 тонна көмір 2-3 тәулікке жетеді. Бұл – орташа температурадағы шығын. Қыста қатты отыннан бөлек сабан жағамыз.

Жылыту жүйесі толық автоматтандырылған. Пеш жағушылар тәулік бойғы кезекшіліктен құтылды. Қазір олар қазандықты белгіленген уақытта ғана жағады.

Григорий Слепченко, қазандық меңгерушісі:

- Температура төмендегенде ұялы телефоныма хабарлама келеді. Күніне бір-ақ рет келіп жағып кетеміз. Өте ыңғайлы болды.

Биыл осындай қазандық Қарасу ауылының әкімдігі мен мектебіне де орнатылады. Сонымен қатар аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолына күннен қуат алатын құрылғылар қойылады.

Авторлары: Наталья Строкова, Ермек Мухамедьяров

Хабар 24 телеарнасы