352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елена Бахмутова Медициналық сақтандыру қоры басшысы қызметінен кетті

  • 142
Елена Бахмутова Медициналық сақтандыру қоры басшысы қызметінен кетті fms.kz

Елена Бахмутова басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті.

«Бүгінде қор медициналық қызметтердің стратегиялық сатып алушысы ретінде қалыптасты. Халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның көлемі мен сапасына мониторинг жасау, МӘМС жарналарын жинау және басқару процестері жолға қойылды. Қор қызметін реттейтін негізгі база жасалды. Қорда кәсіби біліктілігі жоғары команда жасақталды. Алдағы уақытта олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсетуді бастау жұмыстарын жетілдіруді жалғастырады», – деді атқарған қызмет нәтижесін қорытқан Е.Бахмутова.

Е.Бахмутова Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының жалпы жиыны шешімімен аталған ұйым кеңесіне төраға болып сайланды. Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің жаңа құрамы 24 тамыз күні өткен жиында жасақталған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен МСҚ басқарма төрағасы міндетін атқару қор басшысының орынбасары Ботагөз Жақселековаға жүктелді. МСҚ-ның жалғыз акционері тарапынан қабылданған бұйрық қол қойылған күннен, яғни 2018 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енді.

Ақпарат көзі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті

Хабар 24 телеарнасы