369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ қызметкерінен 1,5 млн АҚШ доллары тәркіленді

  • 125

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы Анарбек Қарашевтің үйін тінту кезінде 1,5 млн АҚШ доллары тәркіленген.

Бұл туралы министрлік қызметкерлерімен өткен кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның айтуынша, Анарбек Қарашев өзіне қарасты Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанова сынды қызметкерлерден пара алып, олардың заңға қарсы әрекеттерін жасырған. Ал бұл үштік халықаралық деңгейдегі шараларды өткізген кәсіпкерлерден 28 млн теңгеден астам пара алғаны үшін жауапқа тартылып отыр. Бұдан бөлек, Қарашев өзінің жиенінің фирмасына асыра қолдау жасап келген. «Мемлекеттік қызметкерлердің шетелдік сапарларына әуе билеттерін сатып алумен айналысқан компания бюджетке 10 млн теңге көлемінде шығын келтірді», – дейді мамандар.

Олжас Бектенов, ҚР МҚІ және СЖҚ іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

– Жарты жылда Сыртқы істер министрлігінің аясында 75 мың мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Алайда оның 100 пайызы қағаз күйінде орындалған. Еліміздің барлық мемлекеттік органдарында сандық технология қарқынды дамып келе жатса, өкінішке орай Сыртқы істер министрлігі осы бағытта айтарлықтай артта қалып келеді. Осылайша халықпен тікелей байланыс орнату арқылы, сыбайлас жемқорлық көрсеткіші өршиді. Сіздер осы мәселені мүмкіндігінше тездетіп түзетулеріңіз керек.

Хабар 24 телеарнасы