356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚТЖ: Биыл Астанаға өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға артық көмір жеткізілді

  • 133
ҚТЖ: Биыл Астанаға өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға артық көмір жеткізілді elorda.info

Астананың алдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету мәселесі «Қазақстан теміржолы» АҚ өткен жиында талқыланды. 

Отырысқа көмір қоймалары өкілдері және қатты отын жеткізушілері қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана станциясының бастығы Ертас Бейісбеков көмір түсірудің технологиялық үдерісін сақтау және ұйымдастыру мәселелерінің маңыздылығына тоқталып, қаланың қажеттілігі үшін 154 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір түсірілгенін, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға артық екенін атап өтті.

«Ай сайын жергілікті билік органдары және мүдделі мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен жүк жөнелтушілер және жүк алушылармен кездесулер өткізіліп тұрады. Біз өнімді тұтынушыға дер кезінде жеткізу мәселелері бойынша ашық әңгімеге әрқашан дайынбыз. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен көмір қорын өз уақытында жинау үшін сатып алу жоспарын күзгі-қысқы мезгілден жазғы уақытқа қайта бөлу көмірді дер кезінде жеткізіп, қарбалас кезеңде дүрбелең тудырмауға мүмкіндік береді», – деді Е. Бейісбеков.

Ұлттық жүк тасымалдаушыда әлеуметтік-маңызды өнімдер, соның ішінде көмір тасымалымен қамтамасыз ету үшін вагондар жеткілікті.

Е. Бейісбековтің айтуынша, теміржолшылар көмір тиелген жерлерден келетін түсім көлеміне, көмір тиеліміне, кіреберіс жолдардағы көмірдің қалдықтарына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Тиімді тасымал үдерісін құру үшін жүк тасымалына қатысты өтінімді алдын ала беру керек. Вагондар тұрып қалуын болдырмау үшін жүк түсіру технологиясын сақтап және түрлі кіреберіс жолдарды пайдалану керек. 

«Жалпы, 2018 жылы Қазақстан бойынша 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде тұтынушылар үшін 71,9 млн тонна, болжанған көлем 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға көп. Осы жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша 56 млн тоннадан астам көмір тиелген. Соның ішінде республика ішіндегі қатынаста 34,4 млн тонна тасымалданған, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 0,6%-ға артық. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін 4,5 млн тонна көмір тасымалданған, бұл өткен жылдағы көрсеткіштен 10%-ға жоғары», – деді компанияның баспасөз қызметінде.

Хабар 24 телеарнасы