359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та тұрып жатқан түркістандықтар қаланың облыс орталығы болғанына ризашылықтарын жеткізді

  • 163
АҚШ-та тұрып жатқан түркістандықтар қаланың облыс орталығы болғанына ризашылықтарын жеткізді

Түркістанның облыс болғанын АҚШ-тағы отандастарымыз да қолдайды.

Елбасының тарихи жарлығы Түркістаннан шыққан диаспора өкілдерін бір марқайтып тастады. «Бұл тарихи шешім», – дейді олар. Түркістан бағзы заманнан бері еліміздің саяси әрі рухани орталығы болып келген. Түрлі себеппен Нью-Йоркке көшіп келген бұрынғы түркістандықтардың туған жерін сағынғаны байқалады. Өлең-жырын арнап мауқын басады. Олар қаланың әлеуметтік нысандары мен кәсіпорындарында еңбек еткен.

Беба Пинхасов, Американ-қазақ қауымдастығының төрағасы:

– Түркістан облыс орталығы болды. Бір жылдары ол Қазақстанның астанасы болған. Шавгар, Ясы, Хазрет Сұлтан, Түркестан деп аталып келді. Нью-Йоркте тұрып жатқан бұрынғы түркістандықтар Елбасының жарлығын қуана қарсы алдық. Бұл арқылы халық жұмыспен қамтылады, экономика көтеріледі, әлеуметтік сала, өндіріс, бәрі дамиды. Түркістан қаласы жаңаша түрленеді.

Изя Абдрахманов, Нью-Йорк тұрғыны:

– Мен Түркістанда 38 жыл тұрдым. 1975-76 жылдары Арон Ходжаевтың қоластында Қожа Ахмет Йассауи кесенесін жаңғыртуға атсалыстым. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш. Мен еліміз Меккедей көретін киелі орынды қайта жаңғыртуға ат салыстым. Келешекте Түркістанға туристер көп келеді деп үміттенемін. Біз де барып жүреміз. Еліміз өркендей берсін.

Роберт Абдрахманов, Нью-Йорк тұрғыны:

– Бәріміз Түркістан қаласынан шықтық. Жерлестерімді осындай ұлы оқиғамен құттықтаймын. Түркістан облыс орталығы болды. Біз өте қуаныштымыз. Шын жүректен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы