361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде соңғы бір ғасырда ауа температурасы жоғарылаған

  • 364

Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы су ресурстарының жетіспеуі және шөлге айналу мәселелерін бірлесе шешпек.

Энергетика және ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бас қосқан жиын Сеулде өтті. «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары Данара Әлімбаеваның мәліметінше, Қазақстанда соңғы 100 жыл ішінде ауа температурасы 1,37 градусқа дейін жоғарылаған. Ал ғалымдардың айтуынша, 2050 жылға дейін бұл көрсеткіш 4 градусқа дейін жетеді.

Ли Ву Кюн, Кореядағы климаттың өзгеруін зерттейтін қоғам президенті:

- Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның климаты құрғақ. 60-жылдары Кореядағы ормандардың аздығына байланысты құрғақшылықтан айтарлықтай зардап шеккен едік. Осы мәселенің шешімін табу үшін біздер инфрақұрылым бағытын дамыттық. Мемлекет өз тарапынан қаржы бөліп, білікті мамандарды жұмысқа тартты. Менің ойымша, біздің тәжірибе өзге елдерге үлгі бола алады.

Хабар 24 телеарнасы