356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үлкен Алматы көлін абаттандыру жобасы таныстырылды

  • 135
Үлкен Алматы көлін абаттандыру жобасы таныстырылды

Үлкен Алматы көлі – қаланың туристік төлқұжатына айналмақ. Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көрікті көлді абаттандыру жобасы таныстырылды.

Соның аясында автокөліктерді көл аумағына кіргізуді шектеу, экоавтомобильдерді іске қосу қарастырылып жатыр. Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы өкілінің айтуынша, қала билігі бәсекеге қабілетті туристік орта қалыптастыруда бірнеше жобаларды қолға алған. Қайта жөндеуден өтетін нысандар қатарында 28 панфиловшылар мен Тұңғыш Президент саябағы, Медеу мұз айдыны сияқты 16 нысан бар. Сондай-ақ қала басшылығы туристер табан тірейтін жекеменшік нысан иелеріне де қала көркіне сай жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар жіберген. Мұнымен келіспеген жағдайда нысан мен жер телімі қала қорына қайтарылып, тиісінше көркейту жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, «Сайран» автобекеті жақын уақытта жаңартылып, туристік хабқа айналады.

Мақсат Қиқымов, қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы:

- Қалада екі туристік хаб ұйымдастырылады. Бірі Балуан шолақ спорт сарайында және Сайран автобекетінде. Спорт сарайынан қаланың туристік нысандарына экокөліктер қатынайды. Ал туристер үшін еліміздің көрікті жерлеріне барлық автобустар «Сайран» автобекетінен жүретін болады.

Хабар 24 телеарнасы