352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дизель отынның қымбатшылығы Жамбыл облысы диқандарын тығырыққа тіреді

  • 168

Дизель отыны құнының шарықтауы жер емген шаруаларды тығырыққа тіреп отыр. Жамбыл облысының Байзақ ауданында 2900-ден аса шаруа қожалығы бар болса, олардың 70 мың гектарға жуық жері бар. Биыл диқандар 5000 гектар жерге бидай, 7100 гектарға арпа сепкен.

Қазір орташа есеппен өнім түсімділігі гектарына 23 центнерді құрап отыр. Ал бидайдың бағасының әр келісін 40-45 теңгеден сатып жатыр. Бұл шаруалар үшін тиімсіз. Өйткені көктемгі егін жұмыстарынан бері кеткен шығынды толық ақтамайды екен. Диқандар үшін арзандатылған дизель отыны биыл 162 теңге болып бекітілген. Алайда қажетті жанар-жағармайын алып үлмермегендері, астық алқабын түгел жиып алу үшін нарықтық бағамен сатып алуға мәжбүр.

Шахайхан Асанов, Байзақ ауданы бойынша фермерлер одағының төрағасы:

- Дизельдік отынның сәл қымбаттау болуы қолбайлау болып отырғаны рас. Өйткені қазір 187 теңгеге дейін кетіп қалды. Арзандау бағасымен де беріледі 162 теңгеден. Бірақ ол шаруашылыққа қолында қаражаты аз болуынан бізде орта шаруашылықтар өте көп, оларды мысалға, 10 тонна дизельдік отынды алу үшін соншалықты қолында қаражаты жоқ. Өйткені ол біріне бірін жалғап отыр.

Хамидолла Байназаров, шаруашылық жетекшісі:

- Қандай себеп бар, именно біз как раз диқандар жаңағы соляркаға мұқтаж кезімізде мына дала жұмыстары жүретін кезде егу, себу керек, өңдеу керек, оны жинау керек кезінде именно жылда дизтопливо өседі.

Хабар 24 телеарнасы