361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында сұйық отын өндіретін зауыт бензин де шығармақ

  • 214
Ақмола облысында сұйық отын өндіретін зауыт бензин де шығармақ

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы қысқы дизель отынын өндіретін зауыт алдағы уақытта бензин де шығарады.

Қазір өндіріс ошағы бұл жобаға инвесторлар іздестіруде. 400 млн теңгеге бағаланып отырған тың жоба бойынша зауытқа қосымша қондырғылар орнатылады. Ол арқылы шикізат терең өңделіп, одан сұйық отынның түр-түрі және бензин де алынады. Аталған модернизация өндіріс ошағының өнім түрлерін көбейтіп қана қоймай, жобалық қуаттылығына шығуға, яғни жылына 150 мың тонна жанар-жағармай өндіруге мүмкіндік береді. Әрі жаңа қондырғының ерекшелігі, ол бұрынғыдай шикізат таңдамайды. Әзірге бензиннің қанша көлемде шығатыны нақты белгісіз. «Дегенмен қаланы қамтамасыз етуге жеткілікті деңгейде болады», – дейді мамандар.

Евгений Миргород, зауыт директорының орынбасары:

- Каталитикалық қондырғы іске қосылған соң бізде газ да пайда болады. Ол аз мөлшерде ғана шығады. Сондықтан зауыттың өз қажеттілігіне жұмсалады. Біз ол кезде бұрынғыдай көмірсутегін емес, газ жағатын боламыз. Бұл экология үшін де өте тиімді. Атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар едәуір азаяды.

Хабар 24 телеарнасы