356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 70 жастағы ардагер мектебінің мерейтойына велосипедпен келді

  • 121
ШҚО-да 70 жастағы ардагер мектебінің мерейтойына велосипедпен келді

Жетпістен асқан қария өзі түлеп ұшқан мектебінің мерейтойына велосипедпен келді.

Ол Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан Павлодардың Аққулы ауданы Қызылқоғам ауылына жету үшін бір апта жол жүрген. 800 шақырымды артқа тастаған Сайран Мұқаметжанов Қызыл әскер мектебін 1965 жылы бітірген екен. Велосипедші алыс жолға жарты жыл дайындалыпты. Кездесуге білім ошағын әр жылдары бітірген түлектер жиналды.

Жайнагүл Батталова, С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директоры:

- «Мектепке тағзым» акциясы аясында біздің түлектеріміз үлестерін қосып жатыр. Бүгінгі өтіп жатқан шараларымыздың бүкіл жүлделі орындарын осы түлектер ұйымдастырып жатыр.

Сайран Мұқаметжанов, мектеп түлегі:

- Жол осы жолы қиын болған жоқ. Бәрі де сәтті түсті, ойдағыдай түсті. Семейде, Өскеменде, Павлодарда туысқандарым қарсы алды. 800 шақырым көп емес, әдетте Астанаға, Омбыға, Қарағандыға дейін 1200 шақырым, ал бұл жерге дейін 800 шақырым. Ол көп емес.

Хабар 24 телеарнасы