352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Леңгірліктер таза суға қол жеткізе бастады

  • 143

Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығында тұрғындарға таза ауызсу тәулік бойы беріліп жатыр.

Естеріңізде болса, өткен жылы біздің арна тілшілері аудан орталығы Леңгір қаласындағы ауызсу мәселесін көтерген еді. Бұған дейін №2 ықшам ауданның халқы лай су ішіп келген. Тұрғындар мұндай судың қалада сағаттап берілетінін айтып, шағымданған болатын. Тіпті шағын шаһарға келетін тіршілік нәрі ашық су көздерінен алынады деп те мәлімдеген. «Енді бұл қиындық артта қалды», – дейді мөлтек аудан тұрғыны Бизақ Ботаев. Қазір қала жұртшылығының 76 пайызы таза ауызсуды жаңа желі арқылы алып отыр. Су әр тұрғынның ауласында 24 сағат бойы сарқырап ағып тұр. «Ал Леңгірдегі су құбырының ескі желісін пайдаланып отырғандар жыл соңына дейін толығымен жаңа желіге көшіріледі», – дейді мамандар. Айтуларынша, аудан орталығына ауызсу жүйесін жүргізген негізгі мердігер өз міндеттерін толығымен орындамай отырған көрінеді.

Бизақ Ботаев, Леңгір қаласының тұрғыны:

– Су бұрын лай еді. Үнемі лай су ағатын. Мына шелектерді толтырамыз, соның жартысы лай болатын. Қазір таза су келіп жатыр.

Айтбай Тәжібаев, «Леңгір Су» МКК бас инженері:

– Халықтың өзі есігінің алдына апарып берген суды үйіне қарай тартуды баяу жүргізіп отыр. Егер солардың барлығы жақсы іске кіріссе, біз осы ескі су жүйелерін өшіріп, жаңа жылға дейін жаңа су жүйесіне қосуды жоспарлап отырмыз. Енді жүз пайыз деп айта алмаймын. Оның арасында көптеген ақау шығады. Жөндеу жұмыстары болады.

Хабар 24 телеарнасы