352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СІМ: Болгариядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

  • 103
ҚР СІМ: Болгариядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Болгариядағы ірі жол апатынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Айта кетейік, Своге қаласының маңында туристік автобус үш жеңіл көлікке соқтығысып, 20 метр биіктен құзға құлады. Жол апатынан 16 адам қаза тапты. Жарақаттанған 20 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың бесеуі ауыр халде. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша қайғылы жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Өйткені сол сәтте қатты жаңбыр жауған. Болгария премьер-министрі 27 тамызды Аза тұту күні деп жариялады.

Хабар 24 телеарнасы