352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жұмысшылар депутаттарға ұсыныс-тілектерін жеткізді

  • 108

Қостанай облысына аттанған мәжілісмендер соңғы аптада 8 ауданды аралап, сайлаушылармен пікірлескен.

Кезекті кездесу құрылыс материалдарын шығаратын комбинатта өтті. Садовый ауылындағы 135 адам жұмыс істейтін бұл кәсіпорын бір ауысымда 40 мың кірпіш шығаруға қауқарлы. Бүгінде өңірде салынып жатқан тұрғын үйлердегі жергілікті үлес 90 пайыздан артқан. Жұмысшылармен жүздесуінде депутаттар мемлекеттік бағдарламалар жайлы баяндап, халықтың ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.

Айта кету керек, тамыз айында «7-20-25» бағдарламасына қатысуға 25 қостанайлық өтініш білдірген.

Әлия Сапарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бес әлеуметтік бастамаға қатысты бірқатар заң жобасын қарастырған болатынбыз, алдағы уақытта да осы бастамалар заң аясында іске асу үшін бірқатар заң жобасын қарастыратын боламыз. Және осы бүгінгі күні біздің сайлаушыларымыздың айтқан ұсыныстары, сол кісілерден жинаған ақпараттың бәрі ескерілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы