363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтар жемқорлықпен және салғырттықпен күресуді бастамақ

  • 105
Астаналықтар жемқорлықпен және салғырттықпен күресуді бастамақ

Астанада мемлекеттік сатып алу, аудит және салғырттық пен жемқорлыққа қарсы күресті жүйелі жүргізу мақсатында семинар-тренинг өтіп жатыр.

Оған республиканың барлық өңірінің мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мамандары шақырылған. Қатысушылар мемлекеттік сатып алу кезінде кездесетін кедергілер, сондай-ақ жемқорлық пен салғырттыққа қатысты өз тәжірибелерімен бөлісіп, білікті мамандардан дәріс алады. Алғаш рет ұйымдастырылған семинарға 50 адам қатысып жатыр. Оның өткізілуіне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мұрындық болды. Жыл соңына дейін халықаралық сарапшылардың қатысуымен осындай тағы екі семинар өткізу жоспарланған.

Бағдат Изкенов, семинар-тренингке қатысушы:

- Семинардың берер пайдасы өте көп, мемлекеттік сатып алуларда, яғни сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін. Семинарға қатысушылардың нақты тәжірибесінен үзінділер көрсету. Мысалға айтайық, қаптысушы өзі шығып, заңнама тұрғысынан болсын, басқа болсын кездескен бөгеттерді топ-топпен шешу жолдары түрінде өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы