352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан неміс туристерін қайран қалдырды

  • 190
Қазақстан неміс туристерін қайран қалдырды

Германиядан келген Райнхард пен Ингрид Кизелдер еліміздің табиғатына тамсанды.

Бұдан бөлек саяхатшыларды қазақтың ұлттық мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі де таң қалдырды.

Шартарапты шарлап жүрген Райнхард пен Ингрид Кизелдер Астанаға да ат басын тіреді. 100 күнде мыңдаған шақырымды еңсерген саяхатшылар мамырдың 9-ы Гамбургтен шығып, осы күнге дейін Мәскеу, Қазан, Новосібір, Владивосток, Ұлан-Батыр секілді қалаларда болған.

Райнхард Кизел, саяхатшы /Германия/:

- Біз 2014 жылы зейнетке шықтық. Содан бері жаһан кезіп жүрміз. Әр халықтың мәдениетімен һәм тұрмыс-тіршілігімен танысқымыз келеді. Бүгінгі ермегіміз осы.

Отбасылық жұп осы күнге дейін 20-дан астам мемлекетте болған. Шағын автобуспен Солтүстік және Оңтүстік Американы да аралап шығыпты.

Райнхард Кизел, саяхатшы /Германия/:

- Біз Астанада «Бәйтерек», Тәуелсіздік сарайы, Үкімет үйі мен ЭКСПО-ны көрдік. Мұндағы ғимараттардың көркі көз тартады. Ақиқатын айту керек, әсіресе мені жергілікті тұрғындар таң қалдырды. Қазақстандықтар – өте қонақжай халық. Жол бойы бізге көмек қолын созып, әркез қолдау көрсетуге тырысты.

Еуразияға саяхатты неміс отбасы Германия мен барлық мемлекеттер арасындағы достығына арнады. Жаһанкездердің бұл турнесі қазан айында аяқталады.

Авторлары: Гульнара Хасан, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы