352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Astana Times» басылымына еңбегі жарияланып жүрген АҚШ тілшісі елорданың дамуына тәнті

  • 81
«Astana Times» басылымына еңбегі жарияланып жүрген АҚШ тілшісі елорданың дамуына тәнті

Америкалық журналистер Қазақстанның дамуын қызыға бақылайды.

АҚШ масс-медиа өкілі Джордж Алан Баумгартен елорданың жаһандық, халықаралық мәні бар форумдар өткізілетін бірегей орынға айналғанын атап өтті. Ол біраз уақыттан бері қазақстандық ағылшын тілінде шығарылатын «Astana Times» басылымына еңбектерін жариялап жүр. Енді әсем Астананы көзбен көруге ниетті.

Джордж Алан Баумгартен, журналист /АҚШ/

– Америкада өткен түрлі шараларда мен сіздердің астаналарыңыздың қалай дамығанын бақылап жүрдім. Шағын қала алып мегаполиске айналды. Менің көз алдымда БҰҰ-дағы Қазақстанның дипломатиялық қызметі еселенді. Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркке келгенде, 3 тілде сұрақ қойдым. Оған ағылшын, қазақ, орыс тілінде алғыс білдірдім.

Хабар 24 телеарнасы