353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жаңа почталық марка таныстырылды

  • 117

Сыртқы істер министрлігі мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы ұйытқы болған шара дүние жүзі бойынша ядролық сынақтарды болдырмауға бағытталған.

Яғни халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Адамзат баласын бейбітшілікке үндейтін пошталық марка 20 мың данамен шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Атом» жобасының ресми сайтында әлем елдері көшбасшыларының ядролық қарудан бас тартуын талап ететін петиция орналастырылған. Әзірге оны қолдап, қол қойғандардың саны аз. Әлем бойынша 312 мыңнан енді ғана асты.

Кәріпбек Күйіков, «Атом» жобасының құрметті елшісі:

- Біздің мақсатымыз петицияға қол қойғандардың санын 1 миллионға жеткізу. Сондықтан әрбір қазақстандықтан қолдау күтеміз. Ол үшін жобаның ресми сайтына кіріп, ядролық әлем құруға өз үлесіңізді қоссаңыз болады.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Атом жобасы - мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру және қоғамдық дипломатия саласындағы маңызды бастамаларының бірі. Елбасы оны осыдан 6 жыл бұрын жариялаған болатын. Сондықтан Қазақстан 29 тамыз халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай маңызды шараларды ұйымдастырып келеді.

Хабар 24 телеарнасы