352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде судьялық қызметке үміткерлерді іріктеу талаптары өзгертілді

  • 128

Енді мамандар алдымен психологиялық тестілеуден өтеді. Осылайша үміткердің түрлі жағдайда сабырлық танытуы, адамдармен кәсіби тұрғыда сөйлесе білуі және ойлау деңгейі бағаланады.

Одан кейін, болашақ судьялар эссе жазуы тиіс. Мұндай тәжірибе Испания, Франция және Оңтүстік Корея елдерінде кеңінен қолданылады. Заң тақырыбында жазылатын эссе үміткердің ойын қысқа әрі нұсқа түрде жеткізу құралы болмақ. Бұдан бөлек компьютерлік тестілеу де көзделген. Осыған дейін құқықтану саласының 5 бағыты бойынша сұрақтар қойылса, енді олардың қатары 11-ге жетті. Мамандар еңбек, жер, салық және экологиялық заң жобаларының төңірегінде де дайындалуы тиіс. 

Әділ Құрықбаев, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы:

- Судья қызметін атқаруға лайықты адамды таңдау арқылы біз халықтың сотқа деген сенімін арттыруды мақсат етіп қойып отырмыз. Меніңше 100 адамның 10-ы өте алса дұрыс болар еді.

Хабар 24 телеарнасы