352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысының мектептеріне 500 мұғалім қажет

  • 179
Жамбыл облысының мектептеріне 500 мұғалім қажет

Жамбыл облысында биылғы оқу жылында 9 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 7 мектеп жабылды.

Жаңа білім ошақтарының есебінен өңірдегі 7 апатты жағдайдағы мектеп бұзылады. Қалған білім ошақтарының мәселесі 2020 жылға дейін шешіледі деп жоспарланып отыр. Ал жұмысын тоқтатқан мектептердің оқушылары бұдан былай қатынап оқиды. Жалпы, өңірде 35 елді мекенде мектеп жоқ. Оларды тасымалдауға 88 автобус қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифинг кезінде білім басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Сонымен қатар облыста биылдан бастап 3, 6 және 8 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқитын болды. Сондай-ақ аймақ мектептерінде тұңғыш рет «Өлкетану» курсы жүреді.

Жәмиля Бекбатырова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бастауыш мектептерде 5-тен жоғары болуы керек. Негізгі мектептерде 41-ден бастап 80-ге дейін болуы керек. Ал орта мектептер болуы үшін оқушылар саны 81-ден бастап жоғары болуы керек. Осыған сәйкес және кадрдың тапшылығы, материалдық-техникалық базасының болмауы, оқушылардың санының аздығы, білім сапасының төмендігін ескере отырып жеті мектеп жабылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы