369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жас инспекторлар сайысы қорытындыланды

  • 117
Қызылордада жас инспекторлар сайысы қорытындыланды

Қарағандылық өрендер «Қозғалыстың жас инспекторлары» халықаралық форумында Қазақстан намысын қорғайды.

Олар Қызылорда қаласында өткен республикалық сайыста топ жарды. Айтулы жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерімен қатар Ресей, Беларусь және Қырғызстан елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. 8 түрлі сайыста үздіктер анықталды. Қарағанды облысы бірінші орыннан көрінсе, Қостанай екінші, ал Түркістан облысы үздік үштікті түйіндеді.

Владимир Гержик, Қарағанды облысы командасының капитаны:

– Ең қиын кезеңдер велосипедті мәнерлеп жүргізу және жол белгілерінен мүдірмей өту болды. Қарсыластардың осалы жоқ. Жарысқа біз ерекше дайындықпен келдік. Жеңіс жолында бар күш-жігерімізді салдық. Соның арқасында тұғырдың ең биік сатысынан көріне алдық.

Хабар 24 телеарнасы