352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы қорғаныс істері жөніндегі басқармада тіл мерекесіне арналған шара өтті

  • 107
Алматыдағы қорғаныс істері жөніндегі басқармада тіл мерекесіне арналған шара өтті

«Тіл – достықтың негізі» дейді Алматыдағы Алатау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармада қызмет ететін түрлі ұлт өкілдері.

Қазақстан халықтарының тіл мерекесіне арналған шарада қызметкерлер өз мәдениеті мен салт-дәстүрін паш етіп ғана қоймай, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін көрсетті. Көп ұлтты Қазақ­стан­да өзге ұлт өкілдеріне өздерінің салт-дәстүрін, ана тілін ұмытпауға, сақтауға және дамы­туға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар ортақ шаңырақ астына біріктіретін  мемлекеттік тіл қазақ тілін де жақсы меҢгергендер қатары артып келеді. Қазақстанның қарулы күштерінде мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы аясында өткен шара осыған дәлел.

Гауһар Сырлыбаева, Алатау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник:

- Осы шара арқылы басқармада еңбек ететін өзге ұлт өкілдерінің мемлекетік тілді еркін меңгергенін көрсеткіміз келді. Сонымен қатар мұндай шаралар өзге ұлттың мәдениеті мен дәстүрін сыйлау, ұлтқа, халыққа деген құр­мет сезімін ояту, достық қарым-қатынасты нығайтуға жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы