352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздық отбасылар мереке күні баспаналы болды

  • 154

Ата заң күні тараздық ондаған отбасы баспаналы болды. Мемлекеттік бағдарламамен тұрғызылған көппәтерлі тұрғын үйдің табалдырығын алғаш болып әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар аттады.

Дәл қазір «Арай» алқабында оларға пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етіліп жатыр. Пәтер кімдерге бұйырды? Жалпы қанша адам,, тұрғын үймен қамтамасыз етілмек?

- Өңірде осы  бағдарламаның аяқ алысы қандай? Өтініш берушілер қатары қалың ба?

Руслан Бақытбекұлы, тілші: 

- Бес қабатты тұрғын үй 80 пәтерден тұрады. Бұл үйлер бірінші кезекте толық емес отбасылар, жетім балаларға, Соғыс ардагерлеріне және ұзақ жылдан бері кезекте тұрған бюджеттік мекеме қызметкерлеріне беріліп жатыр.  Нысан «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған. Құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 614 миллион теңге жұмсалыпты.

Үй бір жарым жылда тұрғызылды. Жалпы аумағы 5 мың шаршы метрді құрайды. Ол 15 бір бөлмелі, екі бөлмелі 30 және 35 үш бөлмелі пәтерлерге бөлінген. Баспаналы болған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Тіпті кейбірі қоныс тойын тойлауды бастап та кетті. Бұдан бөлек жылдың аяғына дейін «Бәйтерек» мөлтек ауданында тағы 100 және 60 пәтерлі 2 арендалық тұрғын үйдің құрылысы бітеді. Айта кету керек, жалпы жыл басынан бері облыс орталығында көлемі 120 мың шаршы метрден астам  үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 13 көп қабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарда. Бұл туралы облыстық құрылыс, жолаушылар тасмалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы нақтырақ ақпарат береді. 

Әділет Ахатаев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы  Жобамен мынандай жауап болады? 

- Ия, жыл соңына дейін 15-ші шағын ауданда 800 пәтерлік 10 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарда. 255 коттедждік жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Жалпы тұрғын үй құрылысына 2018 жылы 7,2 миллиард теңге қарастырылған. Биылғы жылы 1600 –дей отбасы қоныс тойын тойлайды. Бірінші жарты жылдықта 6 үйді пайдалануға берілді. Ол Тараз, Қаратау және Жаңатас қалаларында жүзеге асырылды. Биылғы көрсеткіш жақсы. Былтыр 397 мың шаршы метр үй салынса, биыл 430 мыңға жетіп отыр.  

Руслан Бақытбекұлы, тілші: 

- Дайын болған тұрғын үйлер мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылмақ. Мамандар барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын айтады. 

- Өңірде бұл бағдарламаның аяқалысы қандай?  

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- ҚР Ұлттық банкінің Жамбыл облыстық филиалы берген мәліметке сәйкес бүгінгі күнге дейін аймақта «7-20-25» бағдаламасымен жалпы құны 92 миллион теңге болатын 10 өтініш қабылданған. Оның 8-і мақұлданыпты. Бастысы бұл жаңа жоба бойынша жұмыс басталды. Нәтижесі тек уақыт еншісінде. Қазір баспана кезегінде тұрған азаматтардың жалпы саны 23 мыңға жуық. Оның 16 мыңнан астамы Таразда. Жамбылдықтар үшін тағы бір тың жаңалық. 15-шағын аудан қаланың жаңа орталығына айналмақ.  Онда оқушылар сарайы, Неке қию сарайы, халыққа қызмет көрсету орталығы, Салтанат сарайы, екінші үлкен сауда, ойын-сауық орталығы бой көтермек. Бұл нысандардың құрылысын 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы