369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде Тұңғыш Президент атындағы саябақта мерекелік шара өтті

  • 113

Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта мемлекеттік мерекеге арналған шара өтті.

Тәуелсіз еліміздің биік белестерді бағындыруына ықпалын тигізіп отырған Ата заңға деген құрмет ерекше. Салтанатты шарада сөз алғандар Конституцияның ішкі тұрақтылық кепілі екенін баса айтты. Өңірде 90 жуық ұлт пен ұлыстың өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қаладағы «Достық» үйінде 19 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар қоғамдық шаралардың бел ортасында жүреді. Саябақта балаларға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылды. Жеткіншектер асфальтқа «Заңғары биік Ата Заң» тақырыбында түрлі суреттер салды. Конституцияның мерекесінде көпшіліктің тілегі ортақ. «Құнды құжат халық игілігіне  қызмет ете берсін» дейді жиналғандар.

Рүстем Құрайысов, қала тұрғыны:

- Барлық қазақстандықтарды осы Ата заң мерекесімен құттықтаймын. Шын жүректен барлығыңызға осындай тамаша күні денсаулық, отбасыңызға аманшылық тілеймін. Ұлымызбен бірге сурет салып, құттықтауға, тойлауға келіп отырмыз  алаңға.

Антонина Кадырова, қала тұрғыны:

- Конституция күнімен құттықтаймын. Еліміз тыныш, бейбіт заман болсын деп тілеймін. Бүгін ауа райы тамаша. Балаларды алып, мерекелік шараларды тамашалауға шықтық. Балалар сурет салып, ойындарға қатысып,жақсы демалыс өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы