352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әкім қызметін атқарған қария Ата Заңның маңыздылығын түсіндіріп берді

  • 126
Әкім қызметін атқарған қария Ата Заңның маңыздылығын түсіндіріп берді

Қонституция әр қазақстандықтың құқығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік биліктің міндеттерін реттеп берді.

Петропавлдық Амангелді Нұрсейітов осылай дейді. Көпті көрген қария Ата Заң қабылданған жылы ауыл әкімі болып жұмыс істеген. Оның айтуынша, бұл адамдардың еркіндігі мен өзін өзі басқару жүйесіне негіз болған құжат. Зейнеткер мереке күні көпшілікпен бірге басты алаңға келіп, концерт көрді. Олардың көңілін жергілікті өнерпаздар көтеріп, ән мен жырдан шашу шашты. Ал этномәдени бірлестіктер дәстүрлі «Салт-дәстүр» фестивалін ұйымдастырып, өздерінің ұлттық құндылықтарын паш етті. 

Амангелді Нұрсейітов, қала тұрғыны:

- 1995 жылы Конституция қабылданған жылы мен ауыл әкімі едім. Сол Конституцияны халыққа түсіндіріп, халық түсінді. Халықтың құқығын, демалуына, дәрі-дәрмек, денсаулығына көмектесуіне Конституцияның көп ықпалы тиді. Оқуға, жалақы алуға, пенсия алуға. Бұрын пенсияны 5-6 ай алмаған адамдар, қазірдің өзінде уақытында алып отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы