369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінің әкімдері БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатады

  • 113
Ертіс өңірінің әкімдері БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатады

Ертіс өңірінде қала, аудан әкімдері енді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тығыз байланыс орнатады.

Кезекті шара шенеуніктдерді осындай шешімге бастады. Жиынға жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет департаментінің мамандары мұрындық болды. Еркін форматта өткен семинарға 10 аудан және үш қала әкімі қатысып, төртінші билік өкілдерінің пікіріне құлақ асты. Өзекті мәселелердің қатарында тілшілерді шынайы ақпаратпен қамту, бұқаралық коммуникация құралдары мен технологияларын қолдану сияқты тақырыптар бар. Сонымен қатар, мемлекеттік ведомстволардың ресми сайттарының жұмысы көңіл көншітпейді. Бұл проблема да кеңінен талқыланып, ескерту жасалды. Айта кетейік, бүгінде облыста түрлі деңгейдегі 117 электронды және мерзімді бұқаралық ақпарат құралы хабар таратады. Тілшілер қауымының ақпараттық сұранысын өтеу мақсатында әр облыстық мекемеде жауапты маман бар. Десе де олқылықтар жетерлік. Олардың орнын толтыру мақсатында мұндай шаралар жалғасын таба бермек.

Балғабай Ыбыраев, Шарбақты ауданының әкімі:

– Еліміздегі болып жатқан, істеліп жатқан, Үкіметтің жіберіп жатқан бағдарламаларын әр адамға жеткізу өте маңызды. Сондықтан ақпарат құралдарын толығымен біз қамтуымыз керекпіз. Сондықтан, бүгінгі семинарға келіп, сіздерден бір қанда болашақта жетісітктер бар екен, халыққа жеткізетін, қандай технологиялар бар екен, қандай өзгерістер бар, соның барлығын қолданамыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы