352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 800-ге жуық қоғамдық көліктің жүргізушілеріне айыппұл салынды

  • 114
Жамбыл облысында 800-ге жуық қоғамдық көліктің жүргізушілеріне айыппұл салынды

Заң бұзу деректері полицейлер мен табиғат сақшыларының бірлескен жұмысы кезінде анықталған.

Тек шілде-тамыз айларында жүргізілген «Таза ауа» шарасы барысында 183 әкімшілік хаттама толтырылып, автобус тізгіншілері жауапқа тартылды. Облыстық Экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары жүргізген тексеру кезінде бұл көліктер заң талаптарына сай келмейтінгі белгілі болды. Аталған шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы