356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы тұрғындары Конституция күнін тойлады

  • 167

Заңы үстем елдің, заманы тыныш! 

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 23 жыл! Осы аралықта Конституциямызға бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Барлығы да Қазақстан халқының игілігі үшін. Тәуелсіздіктің төлқұжатты іспетті Конституциямыздың қабылданған күні әр отбасы үшін үлкен мереке. 

Алматы қай кезде де арман қала, жастар қаласы болып қала бермек. Өйткені білім қуған жастар осында ағылып, биік шыңдарды бағындыруға талпынды. Талайлардың тамаша жастық дәурендерінің куәсі болды. Әсем қала зиялы қауымды білім-ғылыммен сусындатып, көптеген  тұлғалардың өсуіне жол ашты. Ал еліміз Тәуелсіздігін алғаннан күннен басталған елеулі оқиғалар өз алдына бір тарих. Міне, сондай айтулы оқиғаның бірі, еліміздің бас құжаты – Ата заңымыз қабылданған тарихи күн. Осыдан 23 жыл бұрын дәл осы ғимаратта Елбасы алғашқы заңға қол қойып, Қазақстанның төлқұжатын бекітті.

Шмит Илиясов, қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Еліміздің ең үлкен мерекесі – Қазақстан Конситутциясының күні. 23  жылдың ішінде біздің еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Бұл жетістікке ең алдымен Президентіміздің елге деген қамқорлығының арқасында жеттік.

130-дан аса ұлт өкілдері мекендеген қазақ елінің әр шаңырағы зайырлы, тәуелсіз мемлекетте сүйікті ісімен айналысып, сапалы білім алуға, еңбек етіп, ұрпақ өсіруге құқылы.

Шахисмаил Асиев, Түрік мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

- 1995 жылы демократиялық зайырлы мемлекеттің конституциясы қабылданды. Былтырғы жылы бас құжатқа толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Ондағы мақсат – республикамыздың әрбір азаматы үшін қолайлы жағдай қалыптастыру. Сол себепті де біз бүгін еліміз, біздің халқымыз деп сөйлейміз. Өйткені Елбасы әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді институт құрды. Бүгінде 18 млн-ға жуық халқы бар Қазақстан тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осының барлығы Конституциямыздың озық моделінің арқасында.

Қазақстанның әрбір азаматы ертеңіне сенімді. Басты құндылығымыз адами капитал болғандықтан, ел тыныштығы мен бірлігі бірінші орында. «Халқымыздың алаңсыз өмір сүруі үшін барынша жағдай жасалып жатыр», – деді қала әкімі Бауыржан Байбек Конституция күніне арналған салтанатты жиында.

Азамат Сатыбалды, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Зайырлы, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін мемлекеттің өзінің туабітті сара жолы, заңы болуы керек. Ал заңымызды қадірлеу, қастерлеу, оны сақтау, дұрыс күйінде қабылдау – әрбір азаматтың басты міндеті. Сондықтан да бүгін барша қазақстандықтардың мерекесі. Мен ұлық мерекемен барша замандастарымызды, Қазақстан халқын шын жүректен құттықтаймын!

Республика сарайында Конституция күніне арналған салтанатты жиынға келген зиялы қауым, ғалымдар мен өнер майталмандары, саясаткерлер, жалпы қала тұрғындары еліміздің бұдан әрі де көркейе беруіне тілектестіктерін білдіріп, концерттік бағдарламаны тамашалады. 

Авторлары: Индира Оразалинова, Ерлан Байжанов, Ермек Абдрахманов

Хабар 24 телеарнасы