352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр өңірінде Конституция мерекесі қарсаңында үшем дүниеге келді

  • 150

«Конституция – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудың құқықтық негізі».

Осындай атаумен Қызылордада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Одан бөлек мүгедектерге арналған оңалту орталығында «Ата Заңым – абырой, дәстүр, арымыз» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Ата заңның мерейін үстем еткен мерекеде пробация қызметіне су жаңа көліктер табыс етілді.  

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қалалық, аудандық пробация қызметтеріне жол талғамайтын 10 көлік беріліп отыр. Рәміздер алаңында өткен салтанатты шараға қатысқан сала ардагерлері материалдық-техникалық базаны нығайту қылмыстың алдын-алуға жасалған жүйелі қадам екеніне тоқталды. Арал мен Қаратауға дейін созылған аймақтың шалғай елді мекендеріндегі есепте тұрған азаматтарды қадағалау және оларға әлеуметтік көмек көрсету жүктелген пробация қызметі енді аталған шараларды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік алып отыр. 

Конституция мерекесі қарсаңында өңірде үшем туды. Сондай-ақ 4 егіз нәресте дүние есігін ашты.

Ата заң ардақталған мереке күні ана мен бала орталығындағы сәбилерге сый-сияпат жасалды. Жалпы, жыл басынан бері облыстық перинаталды орталықта 5 мыңдай нәресте дүниеге келсе, соның 20-сы егіздер. Үшемдер биылға екінші рет туылып отыр. 

Алаштың анасы атанған аймақ айтулы мерекелерге арнайы тарту жасайтыны рас. Ол жөнінде облыс әкімінің орынбасарынан сұрап білсек.

Руслан Рүстемов, облыс әкімінің орынбасары:

- Қазалы ауданында үлкен 300 орындық мектеп пайдалануға берілді және Сырдария ауданы Ақжарма ауылында спорт-сауықтыру кешені ашылды. Сонымен бірге 1 қыркүйек – Білім күніне орай Жаңақорған ауылында 2 мектеп, атап айтқанда, Түгіскен ауылында 300 орындық мектеп және Жаңақорған кентінде 300 орындық мектептің ғимараты пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 

Дәл қазір біз тұрған орталық алаңдағы мерекелік кеш қалалық демалыс паркінде вокалды-аспапты ансамбльдердің ашық аспан астында өтетін концертіне ұласады.

Авторы: Қамбар Бекенов

Хабар 24 телеарнасы