352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропалық парламент депутаты: Қазақстан Конституциясы – демократиялық құжат

  • 151

Бүгінгі мерекеге орай арнамызға әлемнің түпкір-түпкірінен келіп жатқан құттықтаулар толастар емес.

Соның бірі Еуропарламенттен келді. Депутат Андрей Мамыкин «Қазақстан азаматтары өз елінің Конституциясын мақтан тұта алады. Себебі ол мемлекеттің негізі әрі басты заңы болып саналады», – дейді. Саясаткердің айтуынша, Қазақстандық Конституция демократиялық мемлекеттің барлық қағидатына және үлгісіне жауап береді.

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламент депутаты:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы – нағыз демократиялық құжат. Ол Қазақстан азаматтарының барлық құқығы мен еркіндігін қорғайды. Өз атымнан қазақ елінің әрбір тұрғынын 30 тамыз Конституция күнімен құттықтаймын. 

Хабар 24 телеарнасы