359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да Конституция күніне орай 500-ден астам шара ұйымдастырылды

  • 143
ШҚО-да Конституция күніне орай 500-ден астам шара ұйымдастырылды Устинка LIVE

Шығысқазақстандықтар да Ата заң қабылданған күнді айрықша атап өтті.

Мейрамға орай орталық алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылып, қысқа қам жасап жатқан жұрт назарына жергілікті бау-бақша өнімдерінің мол түрі ұсынылды. Жалпы 60-тан астам шаруа 3 тоннаға жуық өнімдерін әкелді, барлығы да базар бағасынан 15 пайыз арзан сатылды. Сонымен қатар Өскемендегі Республика алаңы ән мен жырға бөленді. Өлкедегі өнер ұжымдары халық алдында ән салып, би билеп мерекенің көрігін қыздырды. Жиналғандардың рухын көтерген патриоттық әндер қатары әуелей айтылды.

Айта кету керек, Конституция күніне орай өңір бойынша 500-ден астам шара ұйымдастырылды.

Ниязтай Әлкешов, ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары:

- Конституцияда адамдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тең қорғалған. Сондықтан оны қастерлеп, құрметтеу – біздің міндетіміз. Ұлттық ұлан сарбаздары рухы биік, жоғары жауапкершілікпен өздерінің міндеттерін адал атқарып, азаматтардың конститутциялық құқықтары мен бостандықтарын сенімді күзетуде. Отанымыздың іргесі аман болсын, аспаны ашық болсын, Конститутция күні құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы