352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО мектептерін оқулықпен қамтуда олқылық жоқ

  • 141
ШҚО мектептерін оқулықпен қамтуда олқылық жоқ

Шығыс Қазақстан облысында аймақтағы 657 мектептің барлығы оқулықпен тұтастай қамтылды.

Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлімдеді. Жоспар бойынша жеткізуші тарап кітаптарды өңірге тамыздың 20-сына дейін әкелуі керек болған. Алайда баспа үйі мен транспорттық компаниядағы қарбалас салдарынан бұл мерзім кейінге шегерілді. Осылайша кітаптарды жеткізумен айналысатын компания өкілдерінің оқулықты облыстағы алыс-жақын білім ошақтарына жаппай жеткізуі үшін тағы 9 күн кеткен.

Сайрангүл Жұмаділова, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Мектеп оқушылары барлық оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді, оған 2 миллиардтан астам қаражат бөлінген, қазіргі кезде барлық оқулықтар мектептерге жеткізілген, 100 пайыз.

Хабар 24 телеарнасы