352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық жастар Конституция күнін атап өтті

  • 167
Оралдық жастар Конституция күнін атап өтті Zakon.kz

Конституция күні Орал қаласында да түрлі мазмұнды шаралармен айшықталды.

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада Ата Заңымыздың мерекесіне орай кітап көрмесі ұйымдастырылса, «Жастар Отанға» лагерінде жастар белсенділері арасында түрлі семинар-тренингтер мен квест ойындары өткізілді. Шаһар басшысы Мұрат Мұқаев осы жерде өскелең ұрпақпен кездесіп, Ата Заңымыздың азаматтық қоғамның дамуында алар орнына тоқталды. Ел азаматтарының еркіндігі мен құқықтарына, сот пен заң алдындағы теңдік қағидасы сақталуына кепілдік беретін Конституцияның арқасында көпұлтты мемлекетімізде саяси тұрақтылық сақталып, тыныштық пен қоғамдық келісім нығайып келеді. «Осы жылдар ішінде еліміз өз тәуелсіздігінің тұғырын нықтап, төрткүл дүние таныған мемлекетке айналды», – деді сөз алғандар. 

Нұрғали Жолдасқалиев, «Нұр Отан» партиясы ОФ Жастар қанатының төрағасы:

- Конституцияның тек жастардың емес, әр қазақстандықтың өмірінде алар орны ерекше деп ойлаймын. Себебі ол – еліміздің басты құжаты, Ата Заңымыз. Ол жерде жазылған әрбір сөз біз үшін құнды болуы қажет. Ол арқылы біздің тыныс-тіршілігіміз, еліміздегі тыныштық, барлығы да бір құжатпен дәлелденіп отыр, іске асып отыр.

Хабар 24 телеарнасы