363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейліктер Конституция күнін кеңінен атап өтті

  • 149
Семейліктер Конституция күнін кеңінен атап өтті

Семейде қала тұрғындары Ата заң мерекесін жан-жақты қызықты етіп атап өтті.

Орталық саябақта концерттік нөмірлер ұйымдастырылса, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі балалар мен жасөспірімдер үшін ерекше шараларды қолға алды. Қаланың сол жағалауындағы кітапхана алдында жас ақындар мерекеге орай арнау орындаса, оқушылар флеш-моб ұйымдастырды. Ал кішкентай оқырмандар үшін көрмелермен қатар әр түрлі қазақ және орыс ертегілерінен алынған үзінділер көрсетілді. «Осындай тәсіл арқылы жеткіншектер санасына Ата заң құндылықтарын сіңіргіміз келді», – дейді ұйымдастырушылар.

Балауса Қонысбаева, кітапхана меңгерушісі:

– Балалардың өз құқықтарын білуі үшін оларға қызықты етіп, көріністерді ертегілерден алып үзінді көрсеттік. Жас жеткіншектерді Отанына деген сүйіспеншілігін, өз құқықтарын білуге тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отырған шара.

Самира Әубәкірова, оқушы:

– Бүгінгі Конституция күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз әрқашан мәңгілік болсын!

Хабар 24 телеарнасы