352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да дәрігерлер қызметтік үйлерінен қуылып жатыр

  • 195

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер қызметтік үйлерінен қуылып жатыр.

Мамлютка қаласының әкімі кезінде ауданға арнайы шақыртумен келген мамандарды сотқа беріп, тұрған жылдарына жалға алу ақысын төлеп, баспананы босатуды талап етіп отыр. Бірақ ақ халатты абзал жандар онымен келіспейді.

Крестина Белоусько – 2010 жылы Мамлютка қаласында қызметтік үй алған жас мамандардың бірі. Ол осында тұрмыс құрып, 3 баланың анасы атанды. Енді шенеуніктер кезінде өздері шақырған дәрігерді сотқа беріп отыр.

Крестина Белоусько, дәрігер:

– Тамыздың тоғызы мені сотқа шақырды. Онда маған үйді босатып, әкімдікке 4 жыл үшін 514 мың теңге төлеу туралы айтылды. Бір қызығы, біз ешқандай да келісім шартқа қол қойған емеспіз.

Қазір Крестинамен бірге жанұялы тағы 3 дәрігер соттан сотқа сабылып жүр. Ақ халаттылардың айтуынша, олармен ешқандай келісім шарт жасалған жоқ. Енді шенеуніктер қызметтік үйді босатып, жалға алу ақысын төлеуді талап етіп отыр.

Василий Поляков, дәрігер:

– Маған қатысты сенбі соттың соңғы шешімі шықты. Қазір қызметтік үйді босатып, пәтер жалдадым. Енді тұрған 3 жылдың ақысын төлеуім керек. Төлемеймін. Аппеляцияға беремін.

Дәрігерлерді сотқа берген қала әкімі – Серік Бәкеев. Оның айтуынша, бұл үйлер әкімдіктің меншігінде. Сондықтан онда мемлекеттік қызметкерлер ғана тұруы тиіс. Заң солай. Енді мәселенің екінші жағы шығып отыр.

Серік Бәкеев, Мамлютка қаласының әкімі:

– Поляков деген кісі айына 5 мың төлеу керек, қалған дәрігерлер айына 10 мыңнан төлейтін ақылары бар еді. Енді қазір ауданның дәрігері осы айғай болғаннан кейін, 3 күннен кейін олар балансқа аламыз деп, аудан әкімінің атына қазір арыз жазды. Қазіргі уақытта сол арызды жазғаннан кейін «біз енді қарсы емеспіз» деген арыз жаздық.

Мәселе осында. Бұл үйлер аудандық аурухананың меншігіне өтсе ғана, дәрігерлер далада қалмайды. Бірақ оған ешкім де сенбейді. Себебі, денсаулық сақтау басқармасы бұған дейін де баспаналарды қабылдамай қойған. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, twitter@91Aidarbek

– Қазір 4 дәрігердің біреуі сотта жеңіліп, жалға алу ақшасын төлейтін болды. Үйін де өз еркімен босатты. Ал қалған үшеуінің ісі енді басталады. Айта кетейін, соттасып жүрген ақ халатты абзал жандар – Мамлютка қаласындағы жалғыз мамандар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы