352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде төртінші мұнай зауыты салынады

  • 176

Мұнайшылар еліміз бойынша төртінші мұнай өңдеу зауытының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеп жатыр.

Әзірге республикамызда үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Атырау мен Павлодардағы өндіріс орындарына жүргізілген модернизациялық жобалар арқылы ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Бірақ жыл сайын ішкі сұраныс артып келе жатқандықтан әлі де болса жоғары октанды бензиннің тапшылығы сезіледі. Қазір мамандар осы бағытта жаңа нысанды мұнайлы облыстар аумағынан, болмаса негізгі тұтынушыға жақын өңірден салу мәселесін сарапқа салып жатыр. 

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары: 

- Халық саны да экономика да өсіп келеді, осыған сәйкес сұраныс та артты. Батыс Еуропа-Батыс Қытай жол арқылы өтетін транзиттік көліктің саны ұлғайды. Қазақстан аумағына кіріп шығатын көліктер де ішкі сұраныстың артуына себеп болып отыр. Осыған байланысты төртінші зауыт салу қажеттілігі туындады. Қазір жаңа  зауыттың өндірістік қуаты мен шығарылатын өнім түрлерін жоспарлау үстіндеміз.

Хабар 24 телеарнасы