361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрлан Ермекбаев ШҚО-дағы әскери бөлімдерді аралады

  • 184

Еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар әскери бөлімдерді аралады.

Жұмыс сапары барысында ол әскери техника мен қару-жарақтың сақталу тәртібін тексеріп, әскерилердің әлеуметтік жағдайымен танысты. Сондай-ақ министр бірқатар өндірістік нысандарға барды. Атап айтқанда Семей машина құрастыру зауыты, Семей инжиниринг сияқты кәсіпорындарда өндірістің барлық кезеңдеріне куә болды.

Хабар 24 телеарнасы