352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда IT-лицей ашылды

  • 523

Бүгін білім күнінде Көкшетауда аймақтағы алғашқы ІТ-мектеп-лицейі ашылды.

Оның құрылысына ел қазынасынан 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Білім ошағы 900 балаға лайықтап салынған.

Бұл мектептің несімен ерекше екені өзіме де қызық болып тұр. Бір білетінім, бұл – қаладағы ең үлкен білім ошағы. Аумағы 4 гектар жерді алып жатыр. Ғимараты бес бөліктен тұрады. Жанында алып стадионы да бар. Жаңа ғана мұнда салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Биыл мектепке 870 оқушы қабылданды», – дейді ұстаздар.

Айта кетейік, аталған білім ошағы шаһар жанындағы Сарыарқа атты жаңа шағын ауданда орналасқан. Оның оқу кабинеттері барлық заман талаптарына сай жабдықталған. Жалпы, соңғы жылдары облыс орталығында мектеп оқушыларының саны көбейіп келеді. Сондықтан қалада осындай жаңа мектептер ашылып, одан бөлек ескі мектептердің де жанына қосымша оқу ғимараттары салынып жатыр.

Жалпы, облыс бойынша оқушылардың саны 120 мыңнан асады. Ал олардың 14 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.

Әйгерім Қошанова, мектеп-лицейдің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі:

- ІТ-мектеп-лицейінің басқа мектептерден ерекшелігі, Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оқушылар үшін химия, биология, информатика, физика пәндерінің стэм-зертханалары аясында жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда біздің мектебіміздің әрбір кабинеті цифрлы, яғни компьютер, ноутбук, планшеттермен жабдықталған. Мектебіміз толығымен оқу жылын бастауға дайын.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы