359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жаңа мектептер қолданысқа беріледі

  • 159
ШҚО-да жаңа мектептер қолданысқа беріледі

Биыл Шығыс Қазақстан облысында білім саласын қаржыландыру өткен жылғыдан 14 миллиард теңгеге артты.

122 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кабинет жабдықтары жаңартылды. Облыс бойынша қазір жалпы 3 мың 220 балаға арналған бес бірдей білім ошағының құрылысы жүріп жатыр. Өскеменде жетіспей жатқан қазақтілді мектептер саны да осы қарқынды құрылыс есебінен артпақ. Мәселен, 19-ықшам ауданда салынып жатқан мың орындық білім ғимараты мемлекеттік тілде жұмыс істейтін болады. Шалғайдағы аудандарда да биыл бірнеше білім беру мекемесінің құрылысы аяқталады.

Сырым Дюсупов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:           

- Бүгінгі таңда 2018 жылға 3 мектеп пайдалануға беру жоспарланған, оның  ішінде Тарбағатай ауданында 600 орындық мектеп пен 300 орындық жатақхана бар, Үржар ауданында 320 орындық мектеп, Аягөз қаласында 600 орындық мектеп нысанын беру жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы