361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Прокуратура БҚО-да жұмыспен қамту кезінде жалған есепке жол берілгенін анықтады

  • 102

Батыс Қазақстан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда жалған есепке жол берілген.

Облыстық прокуратура қызметкерлерінің тексеруі анықтағандай, көрсеткіштерді жасанды жоғарылатып, жұмыссыздар санын қағаз жүзінде кемітудің 61 фактісі әшкереленді. Қоғамдық жұмыс орындарына өтірік орналастырудың 11 дерегі тіркелген. Ал шындығында ол азаматтар сол мезгілде басқа қалада вахталық әдіспен еңбек еткен. Жауапты тұлғалардың тиісті сараптауды сапасыз жасауы салдарынан жұмыссыздар еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтарды меңгерген. Соңғы 3 жылда кәсіптік қайта оқытуға 626 миллион теңге жұмсалса, оқу курстарын 4 мыңдай адам бітірді. Ал соның 28 пайызы ғана жұмысқа орналасқан.

Бауыржан Ахметжан, облыстық прокурордың аға көмекшісі:

- Кейбір жеке кәсіпкерлер әлеуметтік жұмыс орындарын ашу үшін заңсыз несие алған. Ондай 9 факт бар. Дегенмен, де іс жүзінде әлгі кәсіпкерлердің аштық дегендері іс жүзінде ашылмаған екен. Барлығы 100-ге жуық заң бұзушылықтар проокуратура органдарымен анықталды және де ол бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қазіргі уақытта ол қаралу үстінде. Яғни кінәлі тұлғалардың жауаптылық сұрағы қойылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы