369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Brexit: Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара бойынша мәселе туындады

  • 133
Brexit: Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара бойынша мәселе туындады

Еуроодақ және Ұлыбритания өкілдері Брекзит шарты бойынша ортақ келісімге келмек. Брюссельде өткен кездесуде тараптар қауіпсіздік пен өзара дерек алмасуға ерекше ден қойды.

Алайда Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара бойынша ымыраға келу оңай соқпады. Брекзит талаптары күшейгенімен Еуроодақ саммитінде арадағы келіспеушіліктер жойылады деген үміт бар.

Мишель Барнье, Brexit бойынша Еуроодақтың бас өкілі:

- Біздің әріптестік 4 бөлімнен тұратын болады. Олар: тиімді ақпарат алмасу, құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа және қаржылық лаңкестікке қарсы іс-қимыл. Менің ұстанымым нақты. Біз бірізділік жүйесінен ауытқымаймыз. Санаулы уақыт қалса да, доминик екеуміз қазан айында келісімге келеміз деген үміттеміз.

Доминик Рааб, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу жөніндегі министрі:

- Біз бұрынғыша келіссөздердің тез және нәтижелі өткенін ұстанып келеміз. Менің ойымша, тараптар арасындағы келіссөздерде оң өзгеріс байқалады. Қазан айында өтетін Еуроодақ саммитінен үміт зор. Кестеден сәл кешігіп жатсақ, ортақ шешімге келуге ниеттіміз. Сондықтан осы мүмкіндіктен көз жазып қалмауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы