352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

  • 177

Сапар мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылу барысымен танысу.

Сапар аясында Солтүстік Қазақстан облысының 2018–2021 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткізіп, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандарын аралау жоспарланған. Бұдан өзге Премьер-Министр Б. Сағынтаев Қазақстан мен Ресейдің XV аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық барысымен танысады.

Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев өңірде білім беру сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс екенін атап өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, зертханаларды, 3D-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылыммен бизнес-инкубаторлар мен балалар технопарктерінің желісін құру тапсырылған. Бұл жас буынды ғылыми-зерттеушілік және өнеркәсіптік-технологиялық ортаға сәтті ықпалдастыруға жол ашады.

Премьер-Министр Петропавл қаласында жаңадан салынып жатқан Оқушылар сарайына барды. Нысан алдыңғы қатарлы заманауи технологиялармен жарақтандырылады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Федяевтің айтуынша, нысанда АT-индустриясының перспективалы бағыттары мен STEM-білім беру жүйесімен жоғар технологиялы кабинеттер базасы мен зертхана кешендерін құру көзделген.

Хабар 24 телеарнасы