352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Forbes бәсекеге қабілетті өңірлердің рейтингін жасақтады

  • 126

«Форбс» бәсекеге қабілетті өңірлердің рейтингін жасақтады. Көш басында бас қала Астана тұр.

Бұған дейін бірінші орында болған Алматы үшінші орынға сырғыды. Елорда өндірісі мен әлеуметтік даму жағынан Алматы қаласын басып озды. Ал, Атырау облысы екінші орынға шықты. Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстарының артуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартты. Ал Қостанай, Жамбыл, Қызылорда облыстары тізімнің келесі сатысына тұрақтады.

Хабар 24 телеарнасы